«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 359 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 10 қыркүйектегі № 71 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтаудағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезеңде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері (аумақтық бөлімшелер) объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:»;
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Екінші кезеңде аумақтық бөлімшелер объективті өлшемшарттар бойынша бақылау субъектілерін (объектілерін) мынадай тәуекел дәрежелерінің біріне жатқызады:»;
16-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қолда бар ақпарат көздерінің негізінде аумақтық бөлімшелер талдауға және бағалауға жататын субъективті өлшемшарттар бойынша деректерді қалыптастырады.»;
22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: